Қарашаның басы мұншама жылы басталуы Алматыда соңғы рет 37 жыл бұрын болған – синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашаның басы мұншама жылы басталуы Алматыда соңғы рет 37 жыл бұрын болған – синоптиктер

Қарашаның басы мұншама жылы басталуы Алматыда соңғы рет 37 жыл бұрын болған – синоптиктер

Алматыда қараша айының басы мұншама жылы басталуы бұдан 37 жыл бұрын болған, деп хабарлады синоптиктер. 

  • 3 Қараша 2016
  • 505
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚазТАГ жазады.

«Кеше Алматыда термометр бағаны Алматыда +23,8°С –ға дейін көтерілді. Егер нақты күнмен – 2 қарашамен —  салыстыратын болсақ, онда температура шынымен де нормадан асып тұр. Егер ауа температурасын Алматыда ХІХ ғасырдан бері өлшеп келе жатқанын ескерсек, онда 2 қарашадағы ауа температурасы соңғы 100 жылдағы ең жоғарғы температура болды», — деді «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының климаттық өзгерулер басқармасының бастығы Светлана Долгих.
Сонымен қатар ол, бұрындары қарашада басқа күндері де жоғары температура болғанын атап өтті. 
«1979 жылы 4 қарашада Алматыда ауа температурасы +25,4°С-қа дейін көтерілді. Сондықтан қарашада бұдан 37 жыл бұрын жылы болыпты», — деп атап өтті С. Долгих.
Ал алда бұдан 37 жыл бұрын болған темпеатура рекордын жаңарта алмаспыз, себебі 4-5 қарашада суық антициклон келісімен бүкіл Қазақстанда ауа салқындайды деп күтілуде. Оңтүстік аудандарда ауа температурасы күндіз +5°С –тен түнде  -5°С аралығында суытады. 

Соңғы жаңалықтар