Жарияланды: 1300

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 15 млн. доллар бөлді

Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитет отырысында Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қосымша 5 млн. доллар бөлу жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясының бұқарамен байланыс департаментінен хабарлады.

Компаниядағылардың хабарлауынша, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг бұл мақсатқа жыл сайын 10 млн. доллар бөледі, бірақ биыл бұл қаржыны 15 млн. долларға дейін ұлғайтты. Бөлінген қаржы облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық бөлімшесін реконструкциялауға, осындағы шипажайлардың бірін облыстық кардиологиялық орталық түрінде қайда жөндеуге, Жаңаталап-Успеновка газ құбырын тартуға жұмсалмақшы. Қазіргі жағдаймен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Батыс Қазақстан облысындағы ірі инвестор болып табылады. 2003-жылы Қарашығанақта 5,51 млрд. текше метр газ, 5,73 млн. тонна конденсат өндірілді. (Ал 2002-жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 4,73 млрд. текше метрді және 5,2 млн. тоннаны құрады). Кеніш өзара өнім бөлісу жөніндегі 40 жылдық келісім негізінде игерілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін