Қаражал қаласындағы "Горкомхоз" МКК қызметкерлерлеріне жалақы берешегі жылдың аяғына дейін өтеледі - әкімдік
Қарағанды. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы "Горкомхоз" МКК қызметкерлерлеріне жалақы берешегі жылдың аяғына дейін өтеледі. Бұл туралы Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Дүйсен Қырықпышев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Оның айтуынша, "Горкомхоз" МКК -да 114 адам жұмыс істейді. Жалақа берешегі 2008 жылдың 1 наурызы мен 1 шілдесі аралығында жинақталған және ол 6 млн 644 мың теңгені құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін