Жарияланды: 1700

Қарияға зілді сөз айтып, залдан қуып шыққан Төреғалиге әнші Бүркіт пікір білдірді

Қарияға зілді сөз айтып, залдан қуып шыққан Төреғалиге әнші Бүркіт пікір білдірді Сурет - stan.kz

Павлодарда өткен концертте қраияны залдан  қуып шыққан Төреғайдің ісіне әлде әншілер басу айтып, араша түсуде.Бұған дейін жерлестерін ренжітен Төрештің қылығына Меруерт Түсіпбаева қынжылыс білдірген болатын.

Бұл жол әнші Бүркіт араша түсуге тырысты, депті, хбарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Әнші Бүркіт Төреғалидің басындағы дауға қатысты Instagram желісіндегі парқшасында былай деп жазды: .

«Адам деген қатыгез боп бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Біреуіміздің аяғымыз шалынып құласақ , бәріміз жатып күлетін болған күнге жеттік. Міне. Түсінемін, өмір де қиындап кетті, әркімнің өзінің өмірлік қиындықтары толып жатыр. Ешкімнің басқаның өмірінде еш шаруасы болмай кеткен күндер. Орысша айтқанда «Не мои проблемы» дейтіндер молшылық .

Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ. Дегенмен, адам адамға кешірімді болуы керек. Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген, шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай әлеуметтік желіде бәрі жабылып жас балаға ?! Сабырлық сақтайық! Қалай айтсақ та, ол – өз бауырымыз , қазақтың баласы, қандасымыз. Біреуіміз кішкене ғана өзімізден асып кетсе болды, етегінен төмен қарай тартуға ұмтыламыз. Қалай айналдырса да, бұл баланың маңдайында жұлдызы жанған бала. Сабыр етіңіздер, ағайын!

Батыстан келген «у-шудың» бәрін өз бойымызға сіңдіріп жүрміз. Біреудің сыртынан жаман айтып, күнә жинамайық . Өтінеміз. «Болар xалық бірін -бірі батыр» дейді. Ойланайық, ағайын!» – деп жазды Бүркіт.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін