Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды

Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды

Америкалық ғалымдар семіздік пен қартаюға себеп болатын ген түрін анықтады.

  • 26 Наурыз 2014
  • 571
Фото - Caravan.kz

Әңгіме иммунитетке жауапты FAT10 гені туралы болып отыр. Егер зат алмасу процесін де үйлестіретін аталмыш геннің жұмысы тоқтатылса, адам ағзасын семіздік пен қартаюдан сақтауға болады.

Ғалымдар бұл зерттеулерін тышқандарға жасап көрген. Тәжірибе кезінде мамандар тышқандардағы аталған ген түрінің жұмысын тоқтатып тастаған. Нәтижесінде тышқандардың өмірі 20 пайызға ұзарды. Сонымен қатар, ол тышқандар семіздікке де шалдықпағаны белгілі болды.  

Ғалымдар өздерінің бұл зерттеулері болашақта адамдарға септігін тигізер деп үміттенеді, деп жазады росбалт.