Жарияланды: 50

Қарттар күні: 200 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

Қарттар күні: 200 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

Қазақстандағы 216,7 мың зейнеткерге біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарттар күні аясында, Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамтитын 2,3 млрд теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі.

Жалпы, ағымдағы жылы, жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 15,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 14,2 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен - ​​1 млрд теңге):

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне бір реттік материалдық көмекке - 7,6 млрд теңге (123,6 мың адам);

- азық-түлік себетін беруге - 1 млрд 481,1 млн теңге (233,4 мың адам);

- жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 174,2 млн теңге (40,8 мың адам);

- тісті протездеуге - 142,7 млн теңге (3 мың адам);

- шипажайлық емделуге - 1 млрд 362,3 млн теңге (19,5 мың адам);

- тұрғын үйді жөндеуге - 46,4 млн теңге (376 адам);

- отынмен қамтамасыз етуге - 136,1 млн теңге (3,7 мың адам);

- қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге - 740,7 млн теңге (133,9 мың адам);

- көмектің басқа түрлеріне - 3 498,8 млн теңге (134,0 мың адам).

Айта кетсек, елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әр азаматтың лайықты қарттық шағын қамтамасыз етуге қамқорлық жасау - әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін