Жарияланды: 480

"Қару" операциясы барысында полиция азаматтардың қолында заңсыз сақталып отырған 921 қаруды тәркіледі

ҚР ІІМ-нің күшімен шілденің 21-24 аралығында өткізілген "Қару-2003" жедел-профилактикалық шаралары барысында полиция азаматтардың қолында заңсыз сақталып отырған 921 қару тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен бүгін, 25-шілдеде хабарлады.

Атап айтсақ, 65 ойындылы қару, 792 тегіс оқпанды қару мен 64 газды қару тәркіленді. Сонымен бірге қолдан жасалған 25 қару мен 50 кг жарылғыш зат, 20 жарылғыш қондырғы, соның ішінде 10 жауынгерлік жарылғыш қондырғы тәркіленді. Шаралар барысында 65 мың қару иесі тексерілді. Қару сақтау тәртібін бұзуға байланысты 3687 оқиға әшкереленді. 191 адамға қатысты материалдар сотқа жіберілді. 46 оқиға бойынша табылған қаруды тәркілеу туралы шешім шығарылды. ҚР ІІМ-нің атап көрсетуінше, биылғы шара азаматтардың ерекше белсенділік танытуымен өзгешеленіп отыр. Азаматтар өз еркімен келіп полицияға 1000-ға жуық қару өткізді, соның ішінде 89 ойындылы қару, 883 тегіс оқпанды қару, 14 жарылғыш заттар мен 12 гранат бар. Өскеменде қылмыстық полиция қызметкерлері жаяу әскерге қарсы қолданылатын 2 минаны сатып жатқан жерінен жергілікті 29 жасар тұрғынды ұстады. Ал Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка аулының 53 жастағы тұрғынынан 4 килоға жуық аммонал тәркіленді. Төменгі Бөрлік ауылының тұрғылықты азаматынан полиция қызметкерлері ТОЗ-8 кіші калибрлі бесатар мен оның 900 оғын тәркіледі. Талдықорған тұрғынынан тұтандырғышы бар РГД-5 жауынгерлік гранатасы мен 82 мм-лік минометттік гараната тәркіленді. Ал Алматы облысының бір тұрғыны өз еркімен келіп автомат тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть