Шығыс Қазақстан облыстық ІІББ-нан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қаруға қатысты ең көп қылмыс-қайшылықтар Көкпекті ауданы, Риддер және Өскемен қалаларында тіркелген. Атап айтсақ, облыс орталығының 29 жастағы бұрын сотталған тұрғынынан жаяу әскерге қарсы қолданылатын 2 мина тәркіленсе, Риддерде жеке меншік пәтерлерде екі карабин, қолдан жасалған тапанша мен комбинациялық қаруды заңсыз сақтау оқиғалары әшкереленді. Глубокое ауданында Белоусов кенішінде мастер болып істейтін адамның саяжайынан 4 кило жарылғыш зат табылды.
Облыстық ІІББ-нан хабарлауынша, шара барысында қылмыстық мақсатта қару жинау немесе тәркіленген қарудың бұрынғы қылмыстарға қатыстылығы туралы дерек табылған жоқ.
Жалпы алғанда, 21-24-шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында 89 тегіс оқпанды қару, 21 кезік қару, қолдан жасалған 6 тапанша, 3 жарылғыш қондырғы, 10 килограммға жуық аммонал, әртүрлі калибрлі 260 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Азаматтар 69 қаруды, соның ішінде 125 мм-лік жауынгерлік снарядты өз еркімен келіп полицияға тапсырды.