"Оны өлтіріп, суға тастай салған. Ол небәрі 24 жаста еді, үйленгісі келіп жүрген. Ақылды жігіт болған, мектепте жақсы оқыған. Мейірімді, біреуге жамандық жасамаушы еді", — дейді туысы.
Мұның алдында Зинур Хамитовтың жоғалып кеткенін анасы Альфия хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы берген 100 мың теңге қарызын алу үшін Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылына баруға кетіп, қайтып оралмаған.