Қарызын уақытында төлей алмаған «Ақкент» тұрғындары үйлерінен қуылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарызын уақытында төлей алмаған «Ақкент» тұрғындары үйлерінен қуылуда

Қарызын уақытында төлей алмаған «Ақкент» тұрғындары үйлерінен қуылуда

Алматыда қарызын дер кезінде төлей алмаған борышкерлер үйлерінен қуылып жатыр. «Ақкент» ықшамауданынан бөліп төлеу жүйесі бойынша пәтер алған жүзге жуық отбасының ісі қазір сотқа жеткен. Себеп - тұрғындар келісім-шарт бойынша берілген 5 жыл ішінде пәтер ақысын төлей алмаған. Тіпті сот орындаушылары бүгін қара тізімге іліккен екі үйдің есігін бұзып, жүгін сыртқа шығарып тастады.

  • 27 Тамыз 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл — Алматыда осыдан 5 жыл бұрын бой көтерген «Ақкент» ықшамауданы. Бірақ соңғы 3 айдан бері мұнда тыныштық бұзылған. Сот орындаушылары келіп, борышкерлерді шетінен үйлерінен шығарып жатыр. Бүгін де екі пәтердің есігі бұзылып, жүгі далаға шығарылып отыр. 

Бота Жәңгірова, борышкер:

— Таңертең сотта болғанбыз. Келсек, міне мынадай көрініс. Көршіміздің заттарын сот орындаушылары далаға шығарып тастапты. Ал олар үйінде жоқ еді. Жағдай туралы да мүлдем білмейді. Есікті бұзып ашқан. Оғань қандай хақылары бар?!

Бота Жәңгірова да «Ақкенттегі» қара тізімге кірген пәтер иесінің бірі. Үйінен қуылатындығы туралы сот шешімі оған да келген. Бірақ келіншек қазір аппеляциялық шағым түсіріп жатыр. Айтуынша, осыдан 5 жыл бұрын үйді берерде «Айт-Хаузинг комплекс» компаниясы келісім-шартқа қатысты біршама ережені бұзған екен. 

Бота Жәңгірова, борышкер:

— Бұл жағдай мамыр айынан бері басталды. 50 шақты үйді мәжбүрлі түрде шағарып жіберді. Олар сырттай сот арқылы шешім шығарып жатыр.  Бізге ескерпейді. Өздері шешеді барлығын. Жарайды ақшасын 5 жыл ішінде төлеп үлгермейтін шығармыз, бірақ келісіп, жағдайымызды түсініп, мерзімізді ұзартса болады ғой.

Борышкерлердің қосымша мерзім сұрауының себебі – келісім-шарт бойынша пәтер иесі үйінен қуылған жағдайда ақшаның кері қайтарылмайтыны. Яғни, бұған дейін бөліп төлеу жүйесімен өтелген 2-3 жылға қаржы күйіп кетпек. Ал әзірше үйінен шығарыла қоймаған борышкерлердің пәтері жарықтан, судан ажыралытып жатыр.

«Айт-Хаузинг комплекс» компаниясы жаппай үйінен шығарылып жатқандар — бұл тек 5 жыл ішінде бірдер-бір мәрте қарызын төлемегендер дейді.  Қазір компания басшылығы борышын жартылай төлей амағандар мәселесінің қалай болатынын шешіп жатыр.     


Олжас Мұхитов, «Аут-Хаузинг комплекс» компанияның өкілі:

— Қарыздарының соңғы өтелімдері қалған тұлғалармен қазір келіс-сөз жасап жатырмыз. Бірақ соңғы шешімді, яғни рұқсатты «Самұрық-қазына» береді. Және қанша мерзімге ұзартылатынында солар шешеді. Ал шығарылып жатқандар, олар 3-4 жыл қарызын төлемегендер.   

«Ақкент» ісі бойынша сот шешімімен бүгінге дейін 35 отбасы пәтерінен қуылып үлгерсе, тағы 20-ға жуығының мәселесі қаралып жатыр екен. Айта кетсек, «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорының демеулігімен осыдан 5 жыл бұрынған кешен үш бағдарлама бойынша үлестірілген еді. Соның бірі – бөліп төлеу жүйесі болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар