«Біздің пікірімізше, банкроттық туралы заңына өзгерістер енгізу керек, бұл дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі комитетінің территориалдық басқармасына салық органдарының келісімімен бюджет және басқа төлемдер бойынша берешегі бар кәсіпорындарға сырттай бақылау орнату мүмкіндігін беру мәселесіне қатысты «, -деді А. Қыпшақов.
Ол еске салғанындай, бүгінгі кезде «Банкроттық жөніндегі» заңында үш қарыз берушінің келісімімен кәсіпорындарға сырттай бақылау орнату процедурасы қарастырылған. «Іс жүзінде қарыз берушілер бірнеше себептермен оған келісімдерін бермейді. Оның бастысына- берешекті қайтарудың кезегі болып отыр. Өйткені салық төлемдері бойынша қарыздар басқа несие берушілер алдындағы міндеттерден бұрын қайтарылады «, -деп түсіндірді салық төрағасының орынбасары.
«Сонымен бірге, бақылауды орнатуды ұсынған қарыз беруші сыртқы бақылауды жүргізген үйлестірушіге еңбек ақы төлеуі міндеттелген «, — деді ол.
«Сондай-ақ, бір ескеретін жәйт берешегі бар кәсіпорындардың басым бөлігі тек салық органдары алдында ғана қарыздары бар. Соның салдарынан салықшылар сыртқы бақылауды толық көлемде жүргізе алмай, борышкер- салық төлеуші кәсіпорыннан активтерді шығарып алуға мүмкіндігі туады», -деп қорытындылады А. Қыпшақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті