Қаржы министрлігі шикізат өңдеумен айналыспайтын экспорттаушылардың Қосалқы құн салығын қайтару ережесін алып тастауды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі шикізат өңдеумен айналыспайтын экспорттаушылардың Қосалқы құн салығын қайтару ережесін  алып тастауды ұсынуда

Қаржы министрлігі шикізат өңдеумен айналыспайтын экспорттаушылардың Қосалқы құн салығын қайтару ережесін алып тастауды ұсынуда

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы министрлігі шикізат өңдеумен айналыспайтын экспорттаушылардың Қосалқы құн салығын қайтаруды алып тастауды ұсынуда. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Үкімет басшысының тапсырмасымен жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім-шарттарына талдау жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, ол өз жұмысын 1 қазанда аяқтады. Соған сәйкес үкіметке, экономика министрлігіне тиісті ұсыныстар енгізілді, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында минералды шикізат өңдеумен айналыспайтын, яғни, өнімді үшінші және одан жоғары өңдеу сатысына жеткізбейтін кәсіпорындардың Қосалқы құн салығын бюджеттен қайтаруды алып тастау жөнінде ұсыныс жасалды», -деді Д. Ерғожин.

Вице-министрдің еске салып өткеніндей, Қосалқы құн салығын қайтару жөніндегі норма «өндірістің экспортқа бағытталуын ынталандыру үшін ертеректе енгізілген». «Тарих көрсеткендей, еліміздегі экспорттық бағыт негізінен еліміздегі минералды ресурстарды экспорттаумен ғана шектеліп, ондай өнімдердің мүлдем өңделмейтіндігін паш етті», — деді ол. Сол себепті «экспорттаушылардың Қосалқы құн салығын қайтару ережесін алып тастау жөніндегі ұсыныс уақытын тауып отыр».

«Бюджеттің кіріс бөлігі үшін жауап беретін орган ретінде біз мәселенің осы қырынан қойылуынан мүдделіміз және бұл бағытты мәжілістің заң шығару жұмысында қолдайтын боламыз», -деді Д. Ерғожин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті