Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ресми делегациясының құрамында денсаулық сақтау вице -министрі Әсем Нүсіпова, ҚР мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау комитеті басқармасының басшысы Уәлихан Әбділманов, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Мұрат Рамазанов пен ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Саят Нұрахметов бар.
Бүгінгі бағдарламаның күн тәртібі бойынша, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, қаржы-экономикалық колледжі ұстаздары және студенттерімен кездесуі жоспарланған. Одан кейін делегация мүшелері облыс активімен бас қосады.
Делегация Семейде екі күн болады.
Қаржы министрі Б.Жәмішев 24 қарашада Семейдің жылу беру нысандарын аралап қайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті