«Қаржы пирамидасы» дауы Қызылжардағы бөлімшеде де өршіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаржы пирамидасы» дауы Қызылжардағы бөлімшеде де өршіп барады

«Қаржы пирамидасы» дауы Қызылжардағы бөлімшеде де өршіп барады

«КазРосИнвестПроект» шағын несие беру ұйымының бастығы Бақыт Әділова тергеу абақтысында қала береді. Тиісті шешімді бүгін Көкшетау қалалық соты шығарды. «Қаржы пирамидасын»ұйымдастырып, жұртты алдады деп айыпталған азаматша өткен аптада қамауға алынған болатын. Ал Көкшетаудағы «қаржы пирамидасына»қатысты даумекеменің Қызылжардағы бөлімшесінде де өршіп барады.

  • 7 Маусым 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Петропавлда  аталмыш ұйымның филиалы небәрі 10 шақты күн ғана жұмыс істесе де, мыңан аса тұрғыннан ақша жинап үлгеріпті. Елуден астам адам миллиондаған теңгесін салған. Осылайша тақырға отырған 8 адам жергілікті құқық қорғау органдарына шағымданып келді. Тәркіленген құжаттарға сай,«пирамидаға»мыңнан аса қызылжарлықтан 180 миллион теңге жиналған. Оның 60 миллионы салымшыларға қайтарылыпты. Қалған 120 миллион теңге ұшты-күйлі жоқ. Бұл қылмыстық істі тергеумен Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу комитеті айналысуда.


Сергей Погосский, СҚО ІІД баспасөз  қызметінің инспекторы
:

— Барлық салымшылар ұйымның «қаржы пирамидасына» сай жұмыс істейтінін нақты білген. Ерте ме, кеш пе, оның өз жұмысын тоқтататынынан да хабардар болған. Бірақ табан асты байып қалғысы келгендіктен, тәуекелге бел буып, ақшаларын өткізген.

Соңғы жаңалықтар