Қаржы пирамидасы және вайнерлер ісі: Алматыда басты сот отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы пирамидасы және вайнерлер ісі: Алматыда басты сот отырысы басталды

Қаржы пирамидасы және вайнерлер ісі: Алматыда басты сот отырысы басталды

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша басты сот отырысы басталды.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

12 айыпталушының бірі — танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Процесс 9 қаңтарда таңертең Алмалы аудандық сотында басталды. Іс Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде бейнеконференция арқылы қаралды. Сот отырысына қатысқан прокурор күдіктілерге қатысты айыптау актісін оқыды. Оның сөзі екі сағатқа созылды.

"2019 жылы Алмас Құрманғалиев Astex қаржы пирамидасын құрған. Ол баю мақсатында қылмыс жоспарын құрып, оған туысы Ержан Мансұровты қатыстырды. Кейін олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды. Онда Мансұров жеке мүддесін көздеп, қаржы пирамидасын дамыту бойынша жеке тапсырмаларды орындады. Astex ЖШС тіркелді.

Құрманғалиев салымшыларға өз салымдарының жылына уәде етілген 240 пайызын төлей алмайтынын біліп, ҰҚТ қызметін жалғастырды және жаңа клиенттерді тартты. Ол жаңа салымшыларды үнемі көбейту керек екенін түсінді. Бірнеше айдан кейін олар өз қызметіне сенімді және заңды болып көріну үшін танымал тұлғаларды тартты, кейін Руслан Бұрқанов, Әзімжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов іске қосылды. Бұл адамдар ұсынылған іс-әрекеттердің заңсыздығын түсініп, Қаржы пирамидасына қатысуға өз келісімдерін берді", — деді мемлекеттік айыптаушы.

Кейін жаңа Mudarabah Capital ЖШС тіркелді, онда тергеу бойынша Бұрқанов, Саидбаев және Шерниязов жарғылық капиталдағы үлестерін пропорционал түрде бөлген. Бұл компания инвесторлардың ақшасын тарту құралы ретінде пайдаланылуы керек екені аталды.

"Mudarabah Capital мен Astex арасында келісім жасалды, оған сәйкес алғашқысы клиенттерді іздеуге, Astex атынан келісім жасауға, келісім жасалғаннан кейін кеңес беруге және басқа да заңды операцияларды жүргізуге міндеттенді. Бұл келісім Mudarabah Capital-дың Astex құрылымдық бөлімшесі болғанын көрсетеді.

Mudarabah Capital-да негізін қалаушылардың бірі болған Бұрқанов директор болып тағайындалды. Құрылтайшы Саидбаев әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі керек еді. Ол құрылтайшылар арасында қаржы бөлуге де атсалысты.

Шерниязовта дәл осындай роль атқарды", — деді прокурор.


Мейірхан Шерниязов басты сот процесінде. 2023 жылғы 9 қаңтар

Оның айтуынша, 2020 жылғы қыркүйек аяғында үшеуі де қаржы пирамидасын танымал ету үшін әлеуметтік желілерде миллионнан аса оқырманы бар Мейіржан Төребаевқа жүгінген. Оған сыйақы берілетіні уәде етіліп, бірлескен қылмыстық әрекеттерге тартылғаны айтылды.

"Төребаев ұсыныстың заңсыз екенін түсініп, пирамида істен шықса, қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кете алатынына сенімді болып, келісімін беріп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қосылған. Ол салымшыларға пайыз төлеу мүмкін емесін, бұл заңсыз қаржы пирамидасы екенін, жұмыстың табыстылығын бағалап, салымшылардың қаражатынан айырылатынын түсіне отырып, жұмысқа кірісті.

Төребаев пирамиданы кеңінен насихаттап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оған қаржы салынып жатқанын, мұның бәрі заңды екенін әлеуметтік желілерде көрсетуі керек еді. Төребаев та құрылтайшылар қатарына қосылды. Оның барлығында жарғылық капиталдың 11-11,5 пайызы болды", — деді мемлекеттік айыптаушы.

Кейін судья Кәмшат Саурова айыпталушылардың тағылған айыпқа қатысты пікірін сұрады. Шерниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыппен келіспейтінін және кінәні мойындамайтынын айтты.

Мейіржан Төребаев басты сот процесінде. 2023 жылғы 9 қаңтар

Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

Ал 2022 жылғы желтоқсанда танымал вайнер және блогер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынды.

Соңғы жаңалықтар