«Қаржы полициясында өзіне қарасты тергеу абақтысы жоқ, сол себепті Күлекеев ІІМ-нің тергеу абақтысында отыр. Ондағылардың айтуынша, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау оқиғасы болған жоқ», -деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында С. Қалмырзаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев бір мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді бір компанияның пайдасына шешу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оны қаржы полициясының қызметкерлері 1 сәуірде ұстаған. Қазір тергеу жүргізілуде. Қаржы полициясы тергеуді аяқтап, мамырдың аяғында істі сотқа жолдамақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті