Қашағанға төселетін жаңа құбыр сатып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанға төселетін жаңа құбыр сатып алынды

Қашағанға төселетін жаңа құбыр сатып алынды

Әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі - Қашағандағы апатты қалпына келтіруге қажетті материалдар жеткізілді. Мердігер мекеме  алғашқы 45 шақырымға төселетін құбырды сатып алып қойған.

  • 7 Қараша 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz


Қалғанын неміс пен жапониялық компаниялардан алмақ. Бірақ оның өзі 3 айдан соң жеткізілмек. Теңіз астындағы жарылған құбырдың ұзындығы 200 шақырымға созылатынын ескерсек, негізгі жұмыс көктемге таяу басталмақшы. Былтыр қыркүйекте мұнай өндіру өндіру тоқтаған соң,Қазақстан биыл жарты пайыз ішкі өнімнің өсімінен қағылды. Бұл шамамен 2 миллиард доллар. Ал Энергетика министрлігінің мәліметінше,Қашағандағы осы апатты қалыпқа келтіру 3 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал жоспар өзгеріп кетпесе, «қара алтын» өндіру 2017 жылдың басында қайта жандануы тиіс.