Қасиетті қара шаңырақты қаңғыбастың баспанасына теңеген! «Степной маяк» газеті кешірім сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасиетті қара шаңырақты қаңғыбастың баспанасына теңеген! «Степной маяк» газеті кешірім сұрап отыр

Қасиетті қара шаңырақты қаңғыбастың баспанасына теңеген! «Степной маяк» газеті кешірім сұрап отыр

Қасиетті қара шаңырақ - қазақтың киіз үйі қаңғыбастың баспанасы емес! Көкшетауда орыс тілінде шығатын «Степной маяк» газетіндегі сөзжұмбақ төңірегінде шыққан дау қазір ушығып тұр. Басылым бетіндегі сөзжұмбақта «Қаңғыбас қазақтың баспанасы» деген сауалға жауап– «киіз үй» деп жазылыпты. Көкшетаулық тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы мұндай келеңсіздікке қалай жол берілгенін анықтады.

  • 7 Маусым 2011
  • 678
Фото - Caravan.kz

90 жыл тарихы бар «Степной маяк»газеті оңбай қателесті. Басылым бетінде жарияланған сөзжұмбақта қаңғыбастың баспанасы деген сауалға– «киіз үй» деген жауап беріліпті. Газетті оқыған көкше жұрты мұндай сорақылыққа «кешірім жоқ»деп отыр. 

Ғұсман Төлеғұл, Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

— «Жилье, бомжа казаха»деген сөз тұр. Ойбай-ау,мынау біздің қасиетті киіз үйімізді меңзеп тұр ғой деп,шынымды айтсам,жүрегім шымыр ете түсті. Мынадай бассыздық, мынадай  жөнсіздікті бұрын көрген көрген жоқпын, тіпті ашық баспасөзде.

Газет бетінде  ойына келгендерін істегендер халық алдында жауап берсін деп талап қойды, жастар.

Дағыстан Алтынбек, студент:

— Бұл бәрімізге  тиген соққы ғой. Ай-хай, жартты қаланы дүр сілкіндірген «Степной маяк» газеті  төрт тор көзді толтыра алмай, әдейі жазғаны ма?! Әлде шынымен де ұлылардың ұрпағына ұршық ойнатқаны ма?!

Газетті оқыған қаладағы барлық мекемелер мен түрлі ұжымдар қазір осы жағдайға байланысты жоғары шенді басшыларға жаппай наразылықтарын білдіруде. Ал киіз үйді қаңғыбастардың мекеніне теңеген газет басшылары тек қатаң сөгіспен құтылған. 


Гүлжанар Шөкеева, Ақмола облысының
Ішкі саясат басқармасы бастығы:

— Осы сөзжұмбақ көпшілік арасында  дүрбелең туғызғаны рас. Қазір басылым оқырмандардан, халықтан кешірім сұрады. Бұл жерден ешқандай саяси астар іздемесе де болады, байқаусызда кеткен қателік.

Сергей Кибасов,“Степной маяк” газетінің бас редакторы:

— Дұрыс қарамадық, қателік бізден кетті. Мойындаймыз,қателігімізді. Бірақ оқырмандар бұл жерден саяси астар іздемесе екен. Кешірім сұраймыз!

 «Степной маяк» газетіндегі қызметкерлер шынымен сөзжұмбақты Ресей журналынан көшіріп алған.

   Десек те, көршіміздегі әлдекімдердің біздің тарихымызға бұлайша қырын қарағандығын әріптестеріміздің байқамай қалғандығы өкінішті-ақ. 

Соңғы жаңалықтар