Қаскелең ауруханасында нәресте сатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаскелең ауруханасында нәресте сатылған

Қаскелең ауруханасында нәресте сатылған

Қаскелеңде медицина қызметкерлері нәресте сатты деген күдік бар.

  • 26 Шiлде 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен Қарасай аудандық полицейлері арнайы операция жүргізді.

"Жаңа туған сәбиді сату ісін ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды сату" бойынша тіркелді. Күдікті болып отырғандар — медицина қызметкерлері", — деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталғандарға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр.