Қасымов: Айықтырғыштар мен диспансерлерде орын жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасымов: Айықтырғыштар мен диспансерлерде орын жетіспейді

Қасымов: Айықтырғыштар мен диспансерлерде орын жетіспейді

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы үкімет сағатында медициналық айықтырғыштар санын арттыру қажетін мәлімдеді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, министр бұған дейін айықтырғыш санын көбейту туралы ұсынысы қолдау таппағанын айтты.

  • 13 Ақпан 2017
  • 434
Фото - Caravan.kz

— Елде 615 орынға арналған небәрі 30 айықтырғыш бар. Олар қазір уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы деп аталады әрі олар денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Бұл мүлдем жеткіліксіз. Елде олардың санын көбейту керек деп ойлаймын. Бірақ ішкі істер министрлігінің ұсынысын денсаулық сақтау министрлігі де, әкімдік те қолдамайды — деді Қасымов.

Министр бұған қоса елде "алкоголизм" диагнозы қойылғандарды мәжбүрлеп емдейтін наркологиялық ұйымдар аз екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, елде 2470 орынға арналған 22 наркологиялық орталық бар және енді осындай 11 орталық ашу керек.

— Сонымен қатар, адамды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу процедурасының өзі кәдімгідей қиын күйінде қалып отыр. Учаскелік инспектордың бір адамды орталыққа жіберу жайын рәсімдеуіне орта есеппен 12-15 тәулік уақыт кетеді. Бұдан өзге таза медициналық проблемалар бар. Наркологтар қабылдайтын науқастың денсаулық жағдайына қоятын талабы тым жоғары. Біз жіберетін адам алкоголизмнен басқа аурулармен ауырмауы тиіс. Яғни, біз орталықтарға тек дені сау адамды жіберуіміз керек, — деді Қасымов.


Соңғы жаңалықтар