Қасым-Жомарт Тоқаев суретін шатыстырған ресейлік тілшілерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев  суретін шатыстырған ресейлік тілшілерге жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев суретін шатыстырған ресейлік тілшілерге жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев суретін басқа біреумен шатастырып алған ресейлік тілшілерге реніш білдірген жоқ. Парламент сенатының төрағасы өзін «сотқар» атаған журналистерге еш шара қолданбайтынын жеткізді.    

  • 29 Тамыз 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz


Тілшілер «қымбат көлік мінген, дәрігерлерді сабаған бұзақы осы» деп Тоқаевтың суретін күні кеше ғана миллиондаған көрерменге көрсеткен болатын. Шын мәнісінде, төбелес шығарған Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Жомарт Кәменов деген кәсіпкер екен. Ал журналистер Кәменовтың орнына Тоқаевтің суретін эфирден беріп жіберген. «Шара қолданбайсыз ба?» деп сұраған әлеуметтік желідегі жұртқа Тоқаев «Телеарнада менің суретімнің шығып кетуі журналистің ұқыпсыздығынан болған, бұл жерде ешқандай арам ой жоқ» деп қысқа қайырды.