Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев уақытша болса да, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының екінші президенті болатын адам. Сонымен, президенттік сайлауға дейін Қазақстанды басқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

  • 20 Наурыз 2019
  • 190
Фото - Caravan.kz

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырда 66 жасқа келеді. Ол Алматының тумасы. Қазақстанның жаңа басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы және танымал жазушының отбасында дүниеге келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 жасында, яғни 1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсуге шешім қабылдайды. Ал 5-ші курста оқып жүргенінде ол КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне жарты жылдық диплом алдындағы тәжірибеге жіберіледі.
1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіріп, кейіннен тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекті референт ретінде де жұмыс істеді. Содан кейін – КСРО-ның Сингапурдағы елшілігінде қызмет етті. Тоқаев осы бағыттағы жұмысын болашақта да жалғастырды. Оның саяси мансаптағы қадамдары бірінен-бірі өзгере түсті.

Сол жылы Қасым-Жомарт Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Және келесі жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал 1994 жылы сол министрлікті басқарды. Сондай-ақ, 1999 жылдың наурызында Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың қазан айында үкіметті басқарды.

Бірақ, Тоқаев 2002 жылғы қаңтарда отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейіннен оны Сыртқы істер министрінің Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындады. Тоқаев онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау процесінде белсенді рөл атқарды.

Ал 2007 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасының Сенат төрғасы болып сайланды. Келесі жылдың өзінде ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болды. Сондан кейінгі келесі жылдарда Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі Конференциясының жеке өкілі болып үлгерді.

Айта кету керек, Тоқаев 2007 жылдың маусымынан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының және «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі болды. Тоқаевтың Қазақстанның саяси құрылымына деген көзқарасы мынадай: «Мықты президент, беделді парламент, жауапты үкімет». Ол бұл туралы 2014 жылғы 24 қарашада Астана қаласында өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген болатын.


Өмір бойы Қазақстанға аянбай еңбек етіп келе жатқан Тоқаев осы уақытқа дейін көптеген марапаттар алды. Дәрежесі өсті. Ол
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көштбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев», «Парасат», «Отан» ордендерімен, сондай-ақ Ресейдің «Достық» орденімен, Украинаның «III дәрежедегі Ханзада Ярослав Данышпан» Украин ордендерімен марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа президенті Ресейдің өмірбаяндық қоғамының нұсқасы бойынша «Жыл адамы – 2018» лауреаттарының тізіміне енген болатын.

Тоқаевтың құрметіне тіпті «БҰҰ қағидаттарына адалдығы мен бейілділігін және БҰҰ-ның Қазақстандағы соңғы 15 жылдағы жұмысына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз» деген алғыс жазылған тақта орнатылды.

Сондай-ақ, ол халықаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде жарияланған алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы. 
 

Соңғы жаңалықтар