Жарияланды: 60

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті Сурет - Ақорда Баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде екі елдің байланыстары өте жоғары деңгейде екенін айтты.

"Қайырлы күн, сізді көргеніме өте қуаныштымын, шақыруды қабылдап, келгеніңізге рахмет. Бізде байланыс үзілмейді, олар тұрақты режимде, өте жоғары деңгейде және барлық бағыт бойынша", - деді Путин.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жүгінді.

"Мен біздің саясатты дәйекті түрде жүргізу үшін осы елде (Ауғанстан - ескерт.) болып жатқан жағдайға сіздің көзқарасыңызды білгім келеді", - деді Тоқаев.

Бұған дейін 21 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін