«Reflections at the United Nations» деген атпен басылатын кітап әлемдік дипломатия тақырыбын өзек еткен.
Жоғарғы палата баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітапты «БҰҰ-дағы толғаныстар» деп аударуға болады. Оған Қ.Тоқаевтың 2011 жылғы сәуір мен 2013 жылғы қазан аралығындағы кезеңде БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас Директоры, БҰҰ Бас Хатшысының Жеке уәкілі және Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас Хатшысы болған кездегі ағылшын, француз, орыс және қытай тілдерінде сөйлеген сөздері мен мәлімдемелері енді. Кітапта оның сол кезеңде жарияланған мақалалары да бар, делінген хабарламада.
Қ.Тоқаев БҰҰ желісі бойынша барлық шаралардың 70 пайызына жуығы өтетін, жаһандық конференциялық орталық болып табылатын БҰҰ-ның Женевадағы бөлімін басқарған Азияның алғашқы өкілі болды. Қ.Тоқаев өзін тиімді басқарушы ретінде көрсетті, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун және халықаралық ұйымдардың басшылары оның кезінде халықаралық дипломатиядағы дүниежүзілік орталық ретінде Женева өзінің рөлін күшейте түсті, деп санайды.
Қ.Тоқаевтың көлемді (800 беттен астам) еңбегі дипломаттар, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен жас мамандарға зор ықылас туғызады.