Жарияланды: 40

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдау рәсімі қашан өткізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдау рәсімі қашан өткізіледі

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдау рәсімі бір ай ішінде өткізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекет басшысы қызметіне кірісу мерзімі бекітілген. Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы бір аптаның ішінде сайлау нәтижелерін жариялап, нәтижелер жарияланған уақыттан кейін бір айдың ішінде мемлекет басшысы қызметіне кірісуі керек.

Соған сәйкес, ант беру рәсімін 16-шілдеге дейін өткізу жоспарлануда. Ант беру рәсімінің нақты уақытын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. 

Бұл туралы 1995 жылдың 26-желтоқсанында бекітілген Конституцияның 27 бабында жазылған.

"Салтанатты түрде Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып шешім қабылдауға, азаматтардың құқығының сақталуы мен еркіндігін қамтамассыз етуге, өзіме тапсырылған Қазақстан Республикасының Президенті қызметін адал атқаруға ант етемін", - деп ресми түрде ант қабылдағаннан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет басшысы қызметіне кіріспек.

Салтанатты ант қабылдау рәсімі парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы соттың және мемлекеттің өзге де басшыларының қатысуымен өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентін сайлау кеше, 9-маусымда өткен болатын. Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін