Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқыған кездегі суреттері жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқыған кездегі суреттері жарық көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқыған кездегі суреттері жарық көрді

 

  • 15 Тамыз 2019
  • 88
Фото - Caravan.kz


ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқып жүрген кезінде түскен суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Фотосуреттерден құралған бейнероликте Бейжің лингвистикалық университетінің оқытушысы Лю Шицинь студент Қ.Тоқаев туралы естелік айтады. «Таңғалатын жайт. Бірақ, сол кездегі дәрістердің бірінен сурет сақталыпты… Әңгімеге әуес, белсенді еді. Ол аз уақытта үздік шәкірттердің біріне айналды. Оған газет оқып, ойын ашық айту ұнайтын. Жан-жақты білімді, өте байсалды болды. Бұл қасиеттер оған бүгінгі биіктерді бағындыруға көмектесті», — дейді Лю Шицинь.

 

Соңғы жаңалықтар