Жарияланды: 330

Қатерлі ісікке шалдыққан ақтөбелік тележурналистің операциясына қажетті қаражаттың жартысы жиналды

Қатерлі ісікке шалдыққан ақтөбелік тележурналистің операциясына қажетті қаражаттың жартысы жиналды

Ақтөбеде қатерлі ісік ауруына шалдыққа 22 жастағы тележурналист Қонысбек Рысмағамбетовтың операциясына қажетті қаражатты жинау бойынша ауқымды әлеуметтік маңызы бар акция жалғасуда.

Науқасқа шалдыққан журналиске қарапайым тұрғындардан бастап облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, БАҚ ұжымдары, ірі кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қол ұшын беруде. Қоғамдық «Тілші» қорының басшысы Асқар Ақтілеуовтың сөзіне қарағанда, бүгінгі күні Қонысбектің есебіне 8,3 млн. теңге жиналды, бұл Израильде жасалатын отаға қажет қаражаттың жартысы. Жуырда Қонысбектің достары операцияны түрік емханаларына жасатуға кеңес берді. Ол жерде жасату құны әлдеқайда төмен. 30 қазанда Қонысбек Ыстамбұлға ұшады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін