Қатты аязға байланысты жолдар жабылады - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатты аязға байланысты жолдар жабылады - ҚР ІІМ

Қатты аязға байланысты жолдар жабылады - ҚР ІІМ

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгін министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетіне қатты аязға қатысты шұғыл ақпарат түсті. Осыған байланысты Қазгидромет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті xабарламаны таратты.

«Біз тағы да ескертеміз, салқын циклон жақындап келеді. Соның салдарынан аяз күрт күшейіп кетеді. Боран болады. Сондықтан облыстық және республикалық жолдармен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелетін болады», - деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Осы орайда вице-министр қатты аязда үйді жылытатын құралдар мен пештерді қараусыз қалдырмауды ескертті.

«Сосын қазір төмен сыныптарда оқитын балаларда демалыстар басталып жатыр. Олардың барлығы үйде болады. Сондықтан ата-аналарға өз балаларын жалғыз қалдырмауға кеңес береміз», - деп атап көрсетті Ю.Ильин.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Тергеу материалдарына сәйкес, анасы түнгі ауысымда болған, әкесін жұмыс беруші шақырып алған. Вице-министр Юрий Ильин Юрий Ильин бес баланың өмірін жалмаған өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты.

  • 5 Ақпан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті салқын циклонның жақындап қалғаны жайында ескертті.

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгін министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетіне қатты аязға қатысты шұғыл ақпарат түсті. Осыған байланысты Қазгидромет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті xабарламаны таратты.

«Біз тағы да ескертеміз, салқын циклон жақындап келеді. Соның салдарынан аяз күрт күшейіп кетеді. Боран болады. Сондықтан облыстық және республикалық жолдармен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелетін болады», — деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Осы орайда вице-министр қатты аязда үйді жылытатын құралдар мен пештерді қараусыз қалдырмауды ескертті.

«Сосын қазір төмен сыныптарда оқитын балаларда демалыстар басталып жатыр. Олардың барлығы үйде болады. Сондықтан ата-аналарға өз балаларын жалғыз қалдырмауға кеңес береміз», — деп атап көрсетті Ю.Ильин.