"Қатындар не істеп жүр? Қазақта әйел адам көкпарға бармаған": Мейрамбек Беспаевтың әйелі халықтан оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатындар не істеп жүр? Қазақта әйел адам көкпарға бармаған": Мейрамбек Беспаевтың әйелі халықтан оңбай сөз естіді

"Қатындар не істеп жүр? Қазақта әйел адам көкпарға бармаған": Мейрамбек Беспаевтың әйелі халықтан оңбай сөз естіді

Салымға 25 миллион теңге тігіп көкпар берген Мейрамбек Беспаевтың әйелі қатаң сынға қалды.

  • 20 Қараша 2023
  • 13635
Фото - Caravan.kz

Әншінің жары Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Аллаға шүкір, тарихта қалатын көкпар болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген және атсалысқан достарымызға мың алғыс", — деп жазды ол. 

Ал, желі қолданушылары әйел адамның көкпарға баруы жаман ырым екенін жазуда.

"Қазақта әйел адам көкпарға бармаушы еді. Мына жерде қатындар не істеп жүр?", "Қатын бармайды көкпарға", "Көкпарға әйелдер бармаушы еді ғой", "Не мақтану, түсініксіз", "Көкпарға қатын келсе сәні қашады деуші еді. Мода қылып алыпсыңдар ғой", "Жақсы, бірақ әйел адамның көкпар өтіп жатқан жерде жүргені дұрыс емес деп ойлаймын", — деп жазды олар. 

 

Соңғы жаңалықтар