Қатындармен күресу оңай - атышулы Байзақова видео мәлімдеме жасаған жігіттерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатындармен күресу оңай - атышулы Байзақова видео мәлімдеме жасаған жігіттерге жауап берді

Қатындармен күресу оңай - атышулы Байзақова видео мәлімдеме жасаған жігіттерге жауап берді

Атышулы блогер Айжан Байзақова бір кездері өзіне қарсы шығып, видео мәлімдеме жасаған жігіттерге қарата жауап берді.

  • 15 Наурыз 2018
  • 1262
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Айжан Байзақова намысты жігіттерді кекетіп өзінің telegram желісінде жазба қалдырған.  «Қазақша боқтай салам…». ұятсыз сөйлеуден арланбайтын Айжан Байзақова осылай мақтанды

«Олар кеншілер көтерілген кезде үнсіз қалады. Балаларымызды зорлап жатқанда олар тағы да үнсіз. Олар әйелдерімізді ұрып соғып, өлтіріп жатқанда да үнсіз. Дәрігерлер мен ұстаздардың төмен жалақысы туралы үн шығармайды. Бірақ түнгі клубтардағы қысқа юбка мен жартылай жалаңаш қыздар олардың намысына тиеді. Өйткені қатындармен күресу оңай және қауіпсіз»,- деп жазды бойжеткен.

Еске салсақ, Айжан Байзақова бірнеше ай бұрын "Zakova" түнгі клубында қыздарды ақшаға шешіндіріп, сайыс өткізген болатын. Кейін видео әлеуметтік желіге тарап, қоғамның ашу-ызасын туғызды. Алматы қаласның бір топ жігіт бұл бассыздықты тоқтату туралы виедо мәлімдеме жасады. Тіпті аталған клубты қиратпақ болғандар да табылды.


 
Ұқсас тақырып: 
Соңғы жаңалықтар