«Қазақша боқтай салам…». ұятсыз сөйлеуден арланбайтын Айжан Байзақова осылай мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақша боқтай салам…». ұятсыз сөйлеуден арланбайтын Айжан Байзақова осылай мақтанды

«Қазақша боқтай салам…». ұятсыз сөйлеуден арланбайтын Айжан Байзақова осылай мақтанды

Қазақстанның танымал блогері атышулы Айжан Байзақова елордаға қонаққа келіп, Astana Makingmoney Summit аясында өткен әлеуметтік желілерге арналған сессияға қатысты.

  • 23 Ақпан 2018
  • 958
Фото - Caravan.kz

Сессия қатысушылар белгілі блогерден интернет арқылы қанша ақша табатынын сұрады, — деп хабарлады SputniкҚазақстан.

«Тұрақты табысым жоқ, желідегі бір пост үшін 2 мыңнан 5 мың долларға дейін аламын. Жарнаманы жиі жасаймын деп айта алмаймын. Айына 2-3 пост қана», — деп қысқа қайырды Байзақова.

Бойжеткен инстаграмда танымал болу үшін бір жыл уақытын сарп еткенін айтты.

«… Инстаграмға 2012 жылы тіркелдім, бас кезінде артық ештеңе жарияламайтынмын.

Бір күні құрбым менің қазақ тілінде боғауыз сөз айтып жатқанымды видеоға түсіріп, сториз (инстаграмдағы уақытша видео – ескерт.) жариялады. Осыдан кейін жұрт шулап, бәрі менің парақшама жазыла бастады. Біздің халыққа былапыт сөздер, ашық-шашық түскен суреттер керек.

Оған дейін пайдалы дүние жазғанымда ешкім елемейтін, қызық емес өйткені», — деп ағынан жарылды бойжеткен.

Танымал блогердің айтуынша, қазақ тілінде бейпіл сөйлеу анағұрлым «тиімдірек».

«Негізі, екі тілде де қазақша, орысша айта беруге болады. Бірақ қазақ тілінде боқтаған жақсы»,
– дейді ол.

Бүгінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазылғандардың 60 проценті 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар екен.

«Әу баста, 80 проценті жігіттер болатын, қазір 60 проценті – қыздар. Инстаграмда да, телеграмда да өзім отырамын, пост жазып, жариялаймын. Командам түсірілімге көмектеседі, жарнама мәселесін келіседі. Қалғаны — менің жұмысым», — дейді Айжан.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17-желтоқсанында Айжан Байзақова Zakova түнгі клубында қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты. Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар