Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 7 Қазан 2022
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

"Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шет елдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды", — делінген ақпаратта.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 наурызында Марат Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Әртүрлі жылдарда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры, Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясатты талдау және болжау комитетінің төрағасы, Қауіпсіздік министрлігі хатшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол 2015 жылдың маусымында Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.


 

Соңғы жаңалықтар