"Қазаэронавигация" РМК көлік және коммуникация министрлігіне қазақстандық тасымалдаушылар үшін аэронавигациялық алымдарды алып тастауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазаэронавигация" РМК көлік және коммуникация министрлігіне қазақстандық тасымалдаушылар үшін аэронавигациялық алымдарды алып тастауды ұсынды

"Қазаэронавигация" РМК көлік және коммуникация министрлігіне қазақстандық тасымалдаушылар үшін аэронавигациялық алымдарды алып тастауды ұсынды

"Қазаэронавигация" РМК көлік және коммуникация министрлігіне ел ішінде жолаушы тасымалдаумен тұрақты айналысатын қазақстандық тасымалдаушылар үшін аэронавигациялық алымдарды алып тастауды ұсынды. Бұл туралы "Қазаэронавигация" РМК-ның бас директоры С.Құлназаров бүгін, 12-желтоқсанда KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 527
Фото - Caravan.kz

С.Құлназаровтың айтуынша, бүгінде навигация саласында қалыптасқан ахуалды бағамдасақ, мемлекет шын мәнінде қазір алымдар мөлшерін азайту арқылы тұрақты емес, әредік қана чартерлік рейстермен айналысатын, отандық авиацияның дамуына ешқандай оң ықпалын тигізбейтін шетелдік жеке меншік әуе компанияларына қолдау көрсетіп отыр. Ал пешенесіне ешбір жеңілдіктер бұйырмаған отандық тасымалдаушылар болса, саланы дамытудағы басты ауыртпалықтарды көтеруде. Осы орайда С.Құлназаров тәртіп бойынша, ішкі рейстердің пайдалылық деңгейі тым төмен екенін атап көрсетті. Соның салдарынан ішкі рейстерді қалпына келтіру жұмыстары үлкен қиындықтармен әрең жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты РМК чартерлік рейстермен айналысатын әуекомпаниялары үшін алымдар мөлшерін халықаралық деңгейге дейін көтеруді ұсынады.
«Қазаэронавигация» РМК бас директорының бағалауынша, әуекомпаниялары шығындарының құрылымында навигациялық шығындар үлесі 3-5 процентті құрайды.

Соңғы жаңалықтар