Жарияланды: 4400

Қазан айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Қазан айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Caravan.kz медиа порталы қазан айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдерді назарларыңызға ұсынады:

Ұлы дала комедиясы

«Ұлы дала комедиясы» картинасы дарынды жігіт жайлы баяндайды, ол арманға жетер жолында көптеген сынақтардан өтеді. Кейіпкерге қиындықты еңсеруге сәттілік пен махаббат көмектеседі.

Жаңа туындыда басты рөлді ұлы дала баласы – Төреғали Төреәлі ойнайды.

Фильм қазақстандық кинотеатрлардан 18 қазаннан бастап көрсетіледі.

Махаббат кафесі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀Гүлнұр Мамасарипова (@gulnur_mamasaripova) on

Ал 25 қазаннан бастап Төреғали Төреәлінің дуэттесі, әнші Ерке Есмаханның “Махаббат кафесі” атты жаңа фильм жарыққа шығады.

Махаббат хикаясы суреттелетін жаңа туындыда Әбунасыр Серіков, Серік Шәріп, Дариға Бадықова сынды танымал әртістер бой көрсетеді.

Қаржыгер. Шығу ойыны

Фильм сипаттамасы: «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильміндегі оқиға қазіргі күндерде өрбиді. Жас брокерлер Руслан мен Таир биржадағы алып-сатарлық кезінде адам өмірін түкке тұрғысыз көретін адамдармен қақтығысып қалады. Кейіпкерлер өз қағидалары мен күштерін сынап алады. Жігіттер жағдайға қарсы тұрып, ойыннан аман шыға ала ма?

Басты рөлдерде: Асылхан Төлепов, Чингиз Капин

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть