Қазан айында ҚР Президентi Катар мемлекетiне сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан айында ҚР Президентi Катар мемлекетiне сапармен барады

Қазан айында ҚР Президентi Катар мемлекетiне сапармен барады

ҚР СIМ басшысы Ерлан Ыдырысов Катар елiнiң Сыртқы iстер министрi Халид әл-Атиямен кездестi. 

  • 17 Маусым 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

Катар делегаттарымен келiссөздер бүгiн жалғасын табады, деп хабарлады Е. Ыдырысов. 

"Бiз бұл келiссөздерге Инвестиция және даму министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және "Бәйтерек" ұлттық холдингiнiң өкiлдерiн шақырдық. Менiңше, өте тұщымды талқылау болады, онда бастысы — биыл қазан айында ҚР Президентiнiң Катар мемлекетiне сапарын тынғылықты дайындау. Онда негiзiнен экономикалық салаға басымдық берiледi", — деп атап өттi министр. 

"Бiздiң елдер арасында берiк достық қатынастар орнатылған. Инвестициялық әрiптестiктi дамытуға мүдделiлiк бар. Бiздiң қарым-қатынастарға жаңа серпiн беретiн жаңа мүмкiндiктер табамыз деп ойлаймын", — дедi Халид әл-Атия.  


1 2 3