Жарияланды: 590

«Қазақ әдебиетi» пәнi мен «Қазақстан тарихы» пәндерiн бүкiл мектептерде қазақ тiлiнде оқыту керек - А.Сәрiнжiпов

«Қазақ әдебиетi» пәнi мен «Қазақстан тарихы» пәндерiн бүкiл мектептерде қазақ тiлiнде оқыту керек - А.Сәрiнжiпов

Бүгiн Республикалық бiлiм жүйесi қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi барысында

Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов бүкiл мектептерде "Қазақ әдебиетi" мен "Қазақстан тарихы" пәндерiн қазақ тiлiнде оқыту керектiгiн айтты.

"Мектептерде үш тiлде оқыту моделі енгізіледі. Жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу міндеті қойылып отыр. Бұл ретте мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеру міндетінің басымдығын ұмытпауымыз қажет. "Қаза әдебиеті" пәніне қоса, "Қазақстан тарихы", "География" пәндерін бүкіл мектептерде қазақ тілінде оқыту ұсынылып отыр", - дейдi А.Сәрінжіпов.

Оның айтуынша,  2013 жылдан бастап елiмiзде ағылшын 1-сыныптың бағдарламасына енгiзiлген, сондықтан, осы жұмысты аясында жоғары сынып сабақтарын ағылшын тiлiнде өткiзу көзделуде.

"Осы жұмыстың аясында сыныптан тыс шаралар мен ағылшын тілінде бірқатар курстар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, жазғы тіл тоқсанын ұйымдастыру көзделген, бұған педагогикалық жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері тартылады. Сөйтіп, жоғары сыныптарда информатика, физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады", - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін