Көше бойын жағалай жүрген көліктен жұрттың Сильвестр мен Арнольдтан өзге, Джейсон Стэйтемді, Дольф Лундгренді және Уэсли Снайпсты көруіне мүмкіндік берілді. Бұлар – Голливуд қаһармандарының кейпіне енген қазақ әртістері. Бірақ оны аңғарғандар аз. Ал фильмге келсек, режиссер Патрик Хьюз үшінші бөлімде Сталлоне мен Мэлл Гибсонның қомандаларын сайысқа түсірген. Нағыз достардан құралған топ бұл жолы да әлемді қылмыс құрығынан құтқаруға тырысады. «Неудержимые-3» әлемдік прокатқа 4-ші тамызда шыққан. Атыс-шабыс фильмдерінде ойнайтын ең танымал 39 актер қатысқан картинаға бірден 19 продюсер демеушілік танытыпты. Бюджеті 100 млн. доллар шамасында.