Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев 16-шы жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев 16-шы жеңісіне қол жеткізді

Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев 16-шы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) кәсіби мансабында өзінің 16-шы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеп. 

  • 19 Мамыр 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz


Монреалда (Канада) бірінші жартылай орта салмақтағы он раундық жекпе-жекте Жүкембаев мексикалық боксшы "Котто" лақап атымен танымал Луис Хесус Видалеспен кездесті. Батыр бірінші раундтың соңғы секунтарында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл жеңіс Жүкембаев үшін кәсіби рингтегі 16-шы жеңісі. Оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы рет қазақстандық боксшы нокаутпен өткен жылдың қазан айында жеңіске жетті. Мексикалық бокшысы Видалес өз мансабында жетінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Батыр Жүкембаев үшін бұл кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегі. 

Соңғы жаңалықтар