“Қазақ десе өзіңе тиеді. Менде де жүрек бар ғой” - 21 жастағы трансвестит қазақ еліне ренішін жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақ десе өзіңе тиеді. Менде де жүрек бар ғой” - 21 жастағы трансвестит қазақ еліне ренішін жеткізді

“Қазақ десе өзіңе тиеді. Менде де жүрек бар ғой” - 21 жастағы трансвестит қазақ еліне ренішін жеткізді

Кеше ғана туған күнін атап өтіп, өзі сияқты бір топ трансвеститтердің басын қосқан Айя София желіде өз ренішін білдірді.

  • 27 Шiлде 2022
  • 3097
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Сәлем достар, соңғы күндері қатты жаныма батып жүрген нәрсе бар. Қазақ десе өзіңе тиеді, өзіңнің қазағың ойлап қарасаң, оларда ет пен сүйектен жаралған. Бірақ бізді жерден алып жерге салып ата- анамызды қарғап бізге өлім тілеп, тозақ тілеп жатады. Оның не керегі бар?
Мысалы мынандай сөз бар: таяқ еттен өтеді сөз сүйектен өтеді. Кішкентай ғана сөзден адам қандай жүрегі жараланады сіздер білмейсіздер. Менің ішімде не болып жатыр? қандай күй кешіп жүрмін? қандай сағыныш немесе қандай өкпе реніш, қандай кек сіздер білмейсіздер ғой. Ал білмей жатып сіздер ауыздарыңызға келгенді оттап  пікірге жазасыздар. Сіздер білесіздер ма,  қиналып жүрген адамға сіздердің айтқан сөздеріңіз одан сайын тайға таңба басқандай қинайды адамды.
Достар егер мен ұнамаймын ба, онда меннен отписка жасап кетіңіздер, мен ұнамаймын ба? видеоларымды көрмеңіздер. Болды басқа ештеңе сіздерді қинамайды. Сол сияқты менде қиналмаймын. Меніңде жүрегім бар, менің де көңілім бар. Бірақ мен сіздердің еш біріңізге жаман нәрсе айтып жатқан жоқпынғой. Мені де түсініңіздерші.",- деп бейнежазба жүктеді. 
 

Мұны көрген желі оқырмандары: "Сені өлім жазасына кесу керек","Сендейлердің мекендері тозақ","Малғұндар","Ұстап алсам қатты ұрам","Нұрбақыт деген әдемі атың бар, ұялсай","Ұят-ааай",- деп жазды.

Соңғы жаңалықтар