Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

Қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр.

  • 1 Желтоқсан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде 1 желтоқсан демалыс күні болып саналады.

1 желтоқсанда мемлекеттік мереке — Тұңғыш Президент күнін құру туралы Заң 2011 жылдың желтоқсанында қабылданды. Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды: алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы.


Нұрсұлтан Назарбаевты алғашқы ұлықтау рәсімі 1991 жылғы 10 желтоқсанда өтті. Ол Жоғарғы Кеңес депутаттарының қатысуымен Алматыдағы Республика сарайында өткен болатын.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті өкілеттігін 19 наурызда тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар