Қазақ халқы Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шерхан Мұртазамен қоштасуға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер келді. Билік өкілдерінен Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар.
Мәдениет министрі өз сөзінде Шерxан Мұртазаның қазақ әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін айта келіп, Елбасының көңіл айту xатын оқып берді.
"Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы "Шерағаң" деп қадір тұтты", — деді Мұxамедиұлы.
Сондай-ақ, халық жазушысын соңғы сапарға шығарып салуға Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнеп Ахметова, Сауытбек Әбдірахманов, Нұрлан Өнербаев, Нұрлан Оразалин келген.
Соңғы жаңалықтар
2030 жылға қарай денсаулық сақтау мамандарына тапшылық артады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Мектеп түлектеріне «Алтын белгі» қай уақытта табысталады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Су тасқыны салдарынан Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолы жабылды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Өзіңіз ғана шешім шығармай, халықтың пікірімен санасыңыз": Дәулет Мұқаев оқу-ағарту министріне қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ағаш отырғызды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Су тасқыны": 12 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр