Аталған ұжымды басқарған Аян Сұлтанғалиев пен оның алдында бас директор болған, одан кейін Абай атындағы опера және балет театрының басшысы қызметін атқарған Қуаныш Оразғалиев сот үкімімен кінәлі деп танылды. Олар филармония ғимаратын күрделі жөндеуге деп бөлінген 154 млн. теңгеден асатын мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталды. Кесілген үкім бойынша, екеуі де 5 жарым жылға шартты түрде ғана бас бостандықтарынан айырылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы филармония ұжымы мен әйгілі “Отырар сазының” артистері адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтып арызданған еді. Есесіне,директор бөлінген қаржыға қабылдау бөлмесі мен салтанат залын ерекше сәулеттендіріп жасап алған болатын.