Жарияланды: 400

Қазақ мұнай және газ институтында 2,4 млрд теңгенің талан-таражға салыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаржы полициясы Қазақ мұнай және газ институтында 2,4 млрд теңгенің талан-таражға салыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ басшылығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, институт басшылығы "сеніп тапсырылған басқаның мүлкін талан-таражға салу арқылы жалпы көлемі 2,4 млрд теңгені құрайтын бюджет қаржысын ұрлаған". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін