Қазақ қыздарына қырындағанды доғар! Желідегілер Оғыз Доғанға ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қыздарына қырындағанды доғар! Желідегілер Оғыз Доғанға ескерту жасады

Қазақ қыздарына қырындағанды доғар! Желідегілер Оғыз Доғанға ескерту жасады

Әлеуметік желі қолданушыларының бірі Гала Бақтыбаева қазақ тілін қорғаған Түркия азаматы Оғыз Доғанға халықты да сыйлай білуді айтты.

  • 28 Тамыз 2017
  • 3538
Фото - Caravan.kz

Әлеуметік желі қолданушыларының бірі Гала Бақтыбаева қазақ тілін қорғаған Түркия азаматы Оғыз Доғанға халықты да сыйлай білуді айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. Ол өзінің парақшасында Оғызға ұлтымыздың тілі үшін күрескеніне рахмет айта отырып, шектен шықпауды да өтініпті.

— Оғыз Доған мырза. Қазақ қызына ғашық болып Төлеген атанған мырза.

Қазақ қызына ғашық болып көз салмауыңызды талап етемін.

Оғыз мырза мен сізді танымаймын, кеше достық жібердім өзім, парақшаңызды көрейін деп. Жақсы Қазақша жақсы жазады екенсіз, тіпті кейбір министр ағаларымыздан артық десемде болады. Қазақ тілін қорғап алғысқа бөленіп жатсыз, оныңызға рахмет. Болмаса қаншама Қазақ бар Қазақшаны талап етіп жүрген, әсіресе Қандастар. Сіз ойламаңыз көре алмай жатыр деп. Жоқ ондай ниетім жоқ. Қазақ елінің құрметі деп біліңіз сізді көкке көтеріп жатқанын. Қазақ халқы сондай жайдары қонақ жәй халық. Ұлт айыру иә басқа ниетім жоқ. Жаман ұлт болмайды. Дегенмен өз басым Қазақ қызында, ұлында өзге ұлттан қызғанамын. Бұл менің ұстанымым. Қазақ қызы тек қана Қазаққа тұрмысқа шығу керек. Оған мысал сіздің Төлеген деген лақап атыңыз. Өзіңіз жазыпсыз. Бір қызға ғашық болып, Әкесі қарсы болды деп. Сол қыздың әкесіне басымды изеп тұрып алғыс білдіремін. Қазақтың нанын жеп, суын ішіп, өсіп өніп жатыр екенсіз. Сізге тек жақсылық тілеймін. Алайда Қазақтың қызы әрі келіні ретінде. Сізден Қазақ қызына ғашық болып көз салмауыңызды талап етемін. Сіз жүз жерден Қазақ елін қорғап, тілін қорғап жаныңызды пида еткенмен Қазақ бола алмайсыз. Қалағаныңызша сүйіңіз Қазақ елін, алайда өз ұлтыңызды сатпаңыз. Ешқашан. Ол сатқындықтың ең жаманы, ұлтын сату, соның ішінде ер Азаматқа.

Сізге бір сұрақ? Оғыз мырза.


Жақында Түркияда болдық. Не базар, не дүкенде, не дәмханада, не қонақ үйде, еш жерде Түріктің әйелін көрмедік кызмет етіп тұрған. Базарында бір қызды көрдім, тілі өзбекшеге ұқсас болды, сұрасып кеп қарасам Ташкенттен барып жұмыс жасап жатқан өзбектің қызы екен. Сонда неге? Деген сұрақ туындады, себебі Түрік халқы қыздарын кім көрінгенмен суретке түсуге рұқсат бермек түгі, жұмыс жасауға рұқсат етпегені. Өз ұлттарын сондай сүйетіндіктерінің белгісі бұл. Сіз Қазақ ұлтын сыйламасаңызда өз ұлтыңыз Түрікті сыйлаңыз. Өз өзіңізге сұрақ қойыңыз. Түріктің бір қызын өзге ұлтқа жолатпаймыз, неге өзім өзге ұлт қызына ғашық болуым керек деп. Сонда нақты жауапты өзіңіз өзіңізге тауып бересіз. Менің сіздің жеке шаруаңызға, суретке түсулеріңізге араласу ниетім жоқ, құқымда жоқ олай етуге. Алайда Қазақ қызын өзге ешқандай ұлтпен бөлісе алмаймын. Бүгін тілімді, ертең жерімді қорғады деп әр ұлтқа қыздарымызды тарата берсек. Нағыз сорлы ұлт біз боларымыз қақ.

Істеріңізге сәттілік, өміріңізге тек жақсылық тілеп, маған түсіністікпен қарарсыз деген ниетте жазып отырмын. Өз ұлтын қорғау әрбір Азамат борышы. Алдын ала рахмет, депті Г. Бақтыбаева.

Соңғы жаңалықтар