Қазақ қызына үйленгісі келетін қытай жігіті: "Сүйіктімнің әкесі аяғымды сындыратынын айтты" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қызына үйленгісі келетін қытай жігіті: "Сүйіктімнің әкесі аяғымды сындыратынын айтты"

Қазақ қызына үйленгісі келетін қытай жігіті: "Сүйіктімнің әкесі аяғымды сындыратынын айтты"

Мемлекетіміз көпұлтты болып саналатындықтан, еліміздегі этносаралық некелермен ешкімді де таң қалдыра алмайсыз.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 5820
Фото - Caravan.kz

Ливей мен Айдана (аттары өзгертілген) дәл осындай некенің айқын мысалы болып табылады: жігіт – Қытайда туылып, Қазақстанға 7 жыл бұрын келген, қыз – Батыс Қазақстанның тумасы.

Ливей мен Айдана Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне ашық сұхбат беріп, өздерінің махаббат жолындағы қиындықтарымен бөлісті.

1. Бір-біріңізбен қалай таныстыңыздар?

ЛИВЕЙ: Біздің университет студенттерін шетелге жібереді дегенді естігенде қатты қуандым. Себебі Алматыдан шет жаққа кетіп, кішкене демалғым келді. Біз ұшақтың екі шетінде отырдық. Алайда тек Малайзияға келгенде ғана таныстық. Куала-Лумпурда бізге кішігірім экскурсия өткізілді. Ең қызығы, ұшақта, экскурсия барысында емес, сауда орталығында кездейсоқ кездесіп қалдық.

АЙДАНА: Біз Алматыда бір университетте оқып жүргенімізге қарамастан, оқу кезінде таныс болған емеспіз. Тек Малайзияға барып, бүкіл тобымызбен сауда орталығында барғанда ғана кездестік. Оның өзінде мен қонақ үйден соңғы болып шықтым. Жұлдызымыз жарасты десемі десем, артық болмас.

2. Бір көргеннен ғашық болдыңыздар ма?

ЛИВЕЙ: Ол маған бірден ұнады. Алайда, шыны керек, мен екеуіміздің арамызда романтика болады деп ойлаған жоқпын. Себебі Айданаға дейін мен өзімнің өмірлік жарымды басқаша елестеткенмін. Алайда оны көргенде, онымен дос болғым келетінімді түсіндім. Уақыт өте келе оған тек қана достықпен қара алмайтынымды және оған деген сезімнің пайда болғанын байқадым.

Оны сүйіп, қорғап, әлпештеп, күнде онымен бірге жүруді қаладым.

АЙДАНА: Бір көргеннен болған махаббат деп айта алмаймын. Мен ешқашан ондайға сенбейтінмін. Менің ойымша, адаммен жақын таныспай, оны сүйіп қалу мүмкін емес. Сол кезде біздің университеттен келген жалғыз шетелдік Ливей болды. Әлі күнге дейін оның бірінші күні кездескендегі қызғылт жейдесі мен дөңгелек көзілдірігі есімде.

«Жүрген бір оқымысты» деген ой бірден келді. Оның үстіне менің талғамымдағы жігіт емес. Сондықтан оған көңілім аумады. Алайда уақыт өте келе бәрі керісінше болып шықты. Ешқандай оқымысты да емес, оның үстіне маған өте-өте ұнайды.

3. Араларыңызда белгілі бір қиындықтар болды ма? Өзге тіл, өзге мәдениет, менталды ерекшеліктер т.б.?

ЛИВЕЙ: Әрине, кедергілер болып тұрады. Қытайлықтар мен қазақтар мүлдем ұқсамайды. Біздің түсініктеріміз әртүрлі, ал белгілі бір нәрселерге мүлдем өзгеше көзқараспен қараймыз. Оның үстіне тіл кедергісі де бар — менің орысшам нашар болса, Айдана қытайша тіптен білмейді. Мен Қазақстанда 7 жыл тұрып, сіздердің мәдениеттеріңізбен жақсы танысып алдым. Ал Айдана болса әлі қытайлық құндылықтарды біле бермейді. Уақыт өте келе одан да қиын болатын сияқты, алайда мен кез келген қиыншылықтарға дайынмын. Себебі, мен онымен бақыттымын.

АЙДАНА: Білесіз ба, кейде бір ұлт өкілдерінің арасында өзіндік түсініспеушіліктер толып жатады. Ал енді көз алдына елестетіңіз – екі түрлі ұлт. Бұл қызанақ пен жұмыртқа секілді бір-біріне мүлдем ұқсамайтын нәрселер. Әрине, қиындықтар болып тұрады, алайда біз бір-бірімізді сыйлауға, түсінуге тырысамыз.


5. Ата-аналарыңыздың ойы қандай болды?

ЛИВЕЙ: Мен Айдананы ата-аналарыммен таныстырғанда бір үлкен проблемаға тап болдым. Олар элементарлы түрде бір-бірінің тілін түсінбейді. Бірақ ата-анам әрқашан да менің шешіміме сыйластықпен қарайтын. Олардың ойыңша, ең бастысы махаббат болса, қалғанның бәрі шешіле жатар.Оларға қыздың қандай отбасынан шыққаны, оның материалдық жағдайы маңызды емес. Сондықтан айтарлықтай қиыншылықтар болған емес.

АЙДАНА: Ата-ана деген біз үшін ауыр тақырып. Менің ата-аналарым ,шыны керек, менің қалауымды қолдамайды. Олардың ойыңша, ол маған лайық емес.

6. Егер сіздің ата-аналарыңыз ақыры сіздің қатынастарыңызға қарсы болса, онда махаббат үшін қандай нәрсеге баруға дайын боласыздар?

ЛИВЕЙ: Айдананың әкесі маған «Аяғыңды сындырам» деп айтты. Оның әзілдеп айтқанына сенім білдіремін (күледі).

Әзілден бөлек ,мен оның ата-анасының неге қарсы екенін түсінемін. Олар оны сүйеді, оған тек қана жақсылық тілейді. Ал Айдана өз кезегінде шетелдікті сүйіп таңдады. Сондықтан олар уайымдайды. Олар мені әлі толыққанды білмейді, алайда егер уақыт өте келе менімен жақын танысып, қандай адам екенімді түсінген кезде, олар екеуімізге бақыт тілеп, қарсы болмайтынына сенімдімін.

АЙДАНА: Мен де біздің махаббатымыз үшін бәріне дайынмын! Айтады ғой, тіпті бүкіл әлем қарсы болса да, мен тыныш қана артында тұрып, оқтарын беріп отырамын деп. Сондықтан мен ештеңеден қорықпаймын!

Соңғы жаңалықтар