Жарияланды: 360

Қазақ сарбаздары танк биатлонынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті

Қазақстандық танкшілер әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті.  Сөйтіп, жерлестеріміз Ресейде өтіп жатқан танк биатлонында жартылай финалға өтті.

Біздің сарбаздар жылда Ресей даласында өтетін додаға әбден үйреніп алған сынды. Қазақстан құрамасы сайыс басталғалы Сербия, Үндістан, Армениядан келген қарсыластарын маңына да жуытпай, алдыңғы шепте келеді. Жерлестеріміз  бұл жолы суда, ой-шұңқырда шебер өнер көрсетіп  үшінші орынға  ие болды. Ал Ресей құрамасына  бірінші, қытайлық танкшілерге екінші орын бұйырды. «Алабино» полигонында өтіп жатқан  әлемдік танк биатлонының ақтық сайысы ертең өтеді.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін