"Қазақ тілі "домашний тәпішке" деген мазақтан қашан құтылады?!": ZARA желісінде қазақ тілі мәселесіне қатысты шу шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ тілі "домашний тәпішке" деген мазақтан қашан құтылады?!": ZARA желісінде қазақ тілі мәселесіне қатысты шу шықты (ВИДЕО)

"Қазақ тілі "домашний тәпішке" деген мазақтан қашан құтылады?!": ZARA желісінде қазақ тілі мәселесіне қатысты шу шықты (ВИДЕО)

Блогер Құралай Раисова киім-кешек сататын ZARA желісінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Алайда сауда желісінің сатушысының бірі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, дөрекі сөйлеп, дауласып қалған.

  • 9 Желтоқсан 2022
  • 165
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы блогердің жариялаған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Намысым жер, жігерім құм болды. Достық плаза сауда үйіндегі Зара дүкенінің балалар бөлімінде қазақша жауап сұрағанымыз үшін, өз жерімізде өз тілімізде сөйлегеніміз үшін жазықты болдық. Кәріс баланы қазақ екен деп, «қазақша айта бер» деп қалдық, әңгіме содан басталды. «Мне удобно на русском» дейді әлгі жігіт. «Енді бізге қазақша ыңғайлы, сіз түсініп тұрсыз ғой, айта салмайсыз ба, қанша болды?» десек, «Мне так удобно» дейді. Онда тіл білетін адамды шақыр дедік. Сол жердің администраторы мына қыз екен, ол кеп өзімізге тап берді, "Неге қазақша жауап бер деп сұрайсыздар, ол басқа ұлт, біз международная  компаниямыз, сотрудниктеріміз қай тілде сөйлеуді өзі біледі"дейді…» — деп жазды Құралай Раисова.

Блогер «ең жаманы, біздің құқымызды қорғайтын, сөзімізді сөйлейтін ешкім жоғын түсініп, өзімізді жетім сезініп шықтық» деп  отыр.


"Біз администратор кассиріне бірдеңе түсіндіре ме десек, жоқ, бұл қыз өзімізге ұрыспақшы әлгі жерде. Өзіңнен үлкенірек бастық бар ма, айналайын, деп едік, енді охранниктер келді. Оларға да "қайтеді енді ол кәріс, ему удобно на русском" деп қарап тұр. Тіпті дүкенде қазақша сөйлей алмасақ, қайда барып сөйлейміз? Қашан сөйлеміз? Тек от басы, ошақ қасында ма? Бүйте берсек, қазақ тілі "кедейлер тілі", "домашний тәпішке" деген мазақтан қашан құтылады?!", — дейді блогер.