Жарияланды: 30

Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет - Президент

Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет - Президент

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет", - деді Президент жолдауында. Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін