"Қазақ жігіті орыстың алдында сүмірейіп, жалпылдап тұр": Астана ресейлік қашқындарға толды деп, билікке жалтаңдаған қазақтар саны көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Қазақ жігіті орыстың алдында сүмірейіп, жалпылдап тұр": Астана ресейлік қашқындарға толды деп, билікке жалтаңдаған қазақтар саны көбейді

"Қазақ жігіті орыстың алдында сүмірейіп, жалпылдап тұр": Астана ресейлік қашқындарға толды деп, билікке жалтаңдаған қазақтар саны көбейді

Астана ресейлік қашқындарға толды, әңгіртаяқ орнатады деп, орыстардан құтылудың жолын іздеген қазақтар билікке жалтаңдаңдап, елі үшін алаңдаған халық көп. 

  • 26 Қыркүйек 2022
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Құрманғали Дәркеновтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана ресейлік қашқындарға толды. Әрине қашқындар. Осылай өз атымен атаған да дұрыс болар. Каспи банк те және Республика бойындағы Билайн орталығында қолында Ресейдің қызыл паспорты бар орыс жастары толып тұр. Бізге бұларды қалай қабылдау керек. Соғысқа барып өлуден, мүгедек болудан және қолына қару алып адам өлтіруден қашып жүргендер ретінде аяушылық таныту керек пе. Әлде, өз еліндегі жағдайды өзгертуге дәрменсіз, жайлы орын іздеп қашып кеткен қорқақ, өз жанын сауғалап жүрген бишара ретінде ме. Бұлар бізге уақытша келгендер ме, әлде ертең 90 күннен соң да кетпей тұрақтап қалуы мүмкін бе. Ертең олар елде тұрақсыздық тудырып жүрмейді ме деген сұрақ әр адамның ойында жүр. Мобилизациядан жастардың қашатынын білді. Неге Ресей шекарасын ашып тастады. Әскер жасындағы жастардың кетуіне неге жол беріп отыр деген де сұрақ туады. Бір байқағаным, олардың ешбірінің қолында қазақша-орысша сөздік жоқ. Мен басқа елге келдім деген сезім де жоқ секілді. Ең қынжылтқаны Билайн орталығында қазақша сұраған қазаққа дікілдеп сөйлеген қазақ жігітінің номер сатып алып жатқан орыстың алдында сүмірейіп, момақансып, жалпылдап тұрғаны. Сен осы елдің, жердің иесісің еңсеңді көтеріп, басыңды тік ұста деп айтқаныңды көкірегі бітеу, жан дүниесі саңылаусыз жан түсіне қоймайды ау дейсің өкінішпен. Сырттан келгендер әрине қонақ үйге, пәтерге, таксиге, банкке, байланыс орталықтарына, сауда желісіне біраз ақша қалдырады. Бірақ, олар Қазақ еліне келдік деп біздің елдің тәртібін, заңын мойындап сіңісіп кете ме, әлде "орыс әлемі" деп басымызға сор бола ма деген мазасыз сұрақ та бар. Ендігі кезек көші-қон полициясы мен басқа да құқық қорғау органдары қызметіне байланысты. Қанша адам кірді олар мерзімі болғанда елден шығуы керек. Немесе әскерге шақыру жасындағылар біртіндеп елден шығарылуы керек. Біз үшін келешек, елдегі тұрақтылық бәрінен қымбат. Ресей президенті Путин: 1. әскери қызметшілердің әскерге шақыру бойынша қызметке шықпағаны және қашқаны үшін, 2.майданда ерікті түрде тұтқынға түскені үшін 3. ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы Заңға қол қойды. Ендеше бұлар мына 1-3 пункт бойынша қашқындар. Бір қауіптісі бұлар Украинаға "спецоперацияны", соғысты қолдады. Орыс әлемін қолдады қарсы болған жоқ. Соғыста бурят, тува, қазақ т.б қырылғанда ештеңе демеді. Тек өздері осы соғысқа баруы керек болғанда қашты. Ал, осы өз еліндегі жайды өзгертуге дәрменсіз қашқындар, біздің елде жағдайды шиеленістіріп жүрмесін. Билік тарапынан есеп пен қатаң бақылау осындайда керек. Бастысы ел тыныш, бас аман болсын", деп жазды. 

"Бұл қашқындар енді бізде тұрақтап қалады, себебі олар енді ресейге қайтатын болса он жылға түрмеге жабылады ресей заңы бойынша, сондықтан енді олар қайтпайды", "Елден шығарудың жолдарын қарастыруға жөн", "Бұлардан құтылу керек, қалай болғанда да. Бұл шовенистерден бәрін күтуге болады. Отанын сатып кеткендер үшін, бізді сату түк емес", деп жазды ресейліктердің елден кетуіне қолдау білдірген оқырмандар.  


 

Соңғы жаңалықтар