Жарияланды: 620

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК 2003-жылдың 1-тоқсанында 734,4 тонна уран өндірді

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК 2003-жылдың 1-тоқсанында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім өндіру ауқымын 16,5 процентке арттырып, 734,4 тонна уран өндірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Окись өндіру көлемі 2001-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27 процентке артып, 727,2 тоннаны құрады. Уран таблеткаларын өндіру көлемі 101,57 тоннаны, уранның қос валентті окисінің ұнтағын өндіру көлемі 71,73 тоннаны, бериллий өнімдерінің көлемі 135,2 тоннаны, тантал өнімдерінің көлемі 39,11 тоннаны, ниобий өнімдері 17,7 тоннаны, плавик қышқылдарын өндіру көлемі 785,12 тоннаны құрады. 2003-жылдың 1-тоқсанында өнім сатудың ақшалай көлемі 6 747,2 млн. теңгеге жетті. 2003-жылдың 1-тоқсанында "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның негізгі іс-қызметінен түскен жалпы кіріс көлемі 1 184,2 млн. теңгені құрады. Шикізат пен негізгі құралдарды қайта есептеуден түскен кіріс, азшыл үлес пен гудвиллді амортизациялаудан түскен кірістерді ескергенде "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның консолидациялық жалпы таза пайдасы 1 211,4 млн. теңгені құрады. 2003-жылдың 1-тоқсанында ҚР-ның оңтүстігіндегі кеніш басқармаларына салынған инвестицияның болжамдық көлемі 719,4 млн. теңгені, соның ішінде тау-кендік дайындық жұмыстарына арналған инвестиция - 367,1 млн. теңгені, негізгі құрал мен күрделі құрылысқа салынған инвестиция көлемі 250,0 млн. теңгені құрады. 2003-жылдың 1-тоқсанында "ҮМЗ" ААҚ-ның уран өндірісіне құйылған инвестиция ауқымы 141,7 млн. теңге, бериллий өндірісіне салынған инвестиция - 27,3 млн. теңге, тантал өндірісіне құйылған инвестиция -118,5 млн. теңге болды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның құрамына Степное және Центральное филиалдары мен Алтыншы кеніш басқармасы, "Үлбі металлургия зауыты" ААҚ-ның салалық құрылымдары (90%), "Волковгеология" ААҚ (90%), "МАЭК-Казатомпром" ЖШС (100%), " Жоғары технологиялар Институты" (50%), "Инкай", "Катко", "Заречное", "УКР ТВС" біріккен кәсіпорындары қамтылады. .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть